#karaganda

Ұлттық мәдениет – туристік тартымдылықтың негізі: Қарағандыда Жанат Көмутовпен кездесу өтті

Ұлттық мәдениет – туристік тартымдылықтың негізі: Қарағандыда Жанат Көмутовпен кездесу өтті
Жаңалықтарға оралу

Дайджест / Оқиғалар

2026 ж. 5 қараша

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жанат Көмутовпен жұмыс кездесуі өтті. Жиында өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану жобалары талқыланды.

Бүгін академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жанат Кәкенұлы Көмутовпен жұмыс кездесуі өтті. Жанат Көмутов — шығармашылық ізденіс пен педагогтік қызметті ұштастыра отырып, жас ұрпаққа өзінің кәсіби тәжірибесін бөлісіп жүрген суретші әрі ұстаз. Ол өз еңбектерінде туған жерге деген сүйіспеншілігін, қазақ халқының бай ұлттық дәстүрін мен мәдениетін көркем бейнелейді.

Кездесу барысында Жанат Кәкенұлы қазақтың ұлттық мәдениеті элементтерін пайдалана отырып өңірді дамытуға бағытталған бірқатар идеялар мен жобаларды таныстырды. Ол бұл бастамалардың Қарағанды облысының ерекше мәдени бейнесін қалыптастыруда және оның туристік тартымдылығын арттырудағы маңызы жоғары екенін атап өтті.

Ұлттық мәдениет – туристік тартымдылықтың негізі: Қарағандыда Жанат Көмутовпен кездесу өтті - фото 1
Чат-бот
Памятка туриста
Путеводительді жүктеу