Қарағанды облысындағы туризм: дамудың жаңа мүмкіндіктері

Қарағанды облысында туристік инфрақұрылым дамып, инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Ішкі туризм өңір экономикасының перспективалы бағыттарының біріне айналып, саланы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысында туристік әлеуетті дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыт инвесторлар үшін ғана емес, ішкі туризм саласында жұмыс істегісі келетін жас мамандар үшін де перспективалы болып табылады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың Е. А. Бөкетов атындағы университет студенттерімен кездесуінде өңірдегі кәсіби даму мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу барысында «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жүрген төртінші курс студенті Айнұр Каренова ерекше назар аудартты. Ол ішкі туризм саласында дамып, туған өлкесінің туристік орындарын ілгерілетуге үлес қосқысы келетінін айтты.
Өз кезегінде облыс әкімі студентке облыстық туризм басқармасында тәжірибеден өтуді және кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынды.
Облыстағы перспективалы туристік бағыттардың қатарында:
Балқаш - жағалау инфрақұрылымын дамыту және инвестиция тарту.
Приозерск - әлеуетті инвесторларға арналған сегіз гектар жер учаскесін дайындау.
Қарқаралы - табиғи туризмді, соның ішінде Бұғылы шатқалын дамыту.
Аталған аумақтарды дамыту туризм, қонақүй бизнесі, демалысты ұйымдастыру, экскурсиялық қызмет көрсету және туристік жобаларды басқару салаларындағы мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Әкімнің пікірінше, жас мамандар еңбек жолын тәжірибеден немесе бастапқы лауазымдардан бастауға қорықпай, кәсіби тәжірибе жинақтап, алған білімдерін өңірді дамытуға қолдануы маңызды.
Осылайша, ішкі туризм Қарағанды облысы жастарының кәсіби дамуының перспективалы бағыттарының біріне айналуы мүмкін.
Бұл жазбаларды да қарауды ұсынамыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған визуалды материалдар

Ұлттық мәдениет – туристік тартымдылықтың негізі: Қарағандыда Жанат Көмутовпен кездесу өтті

