Қалалық кеңістікті цифрландыру: Қарағандының Орталық саябағында EcoPlaton AI жобасының мүмкіндіктері көрсетілді

Қарағандының Орталық саябағында EcoPlaton AI жобасының мүмкіндіктерін көрсетуге арналған жұмыс кездесуі өтті. Қатысушыларға цифрлық навигацияның, интерактивті картаның және саябақтың 15 локациясын қамтитын үш туристік бағыттың жұмысы таныстырылды.
Бүгін Қарағанды қаласының Орталық саябағында EcoPlaton AI жобасына арналған жұмыс кездесуі өтті. Шара барысында жобаның негізгі мүмкіндіктері көрсетіліп, сарапшылар мен қатысушылар саябақ аумағындағы 15 негізгі нысанды қамтитын үш туристік бағытты қарастырды. Кездесуде жүйенің функционалдық мүмкіндіктеріне, заманауи интерактивті картаға, аудиогидтің жұмысына және маршруттарды аралау кезінде аудиогидте ұсынылған ақпарат бойынша сұрақтарға жауап беру форматындағы пайдалы интерактивті өзара әрекеттесу функцияларына ерекше назар аударылды. Мұндай цифрлық шешімдерді туристік инфрақұрылымға енгізу қалалық кеңістіктердің тартымдылығын арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға және қаланы орнықты дамыту қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді.






