Президент Жолдауы: инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау – туризмге тың серпін

2026 жылғы 28 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнап, ел дамуының басты басымдықтарын айқындады. Инфрақұрылымды жаңғырту, жол сапасы мен бизнесті қолдау мәселелері өңірлердің туристік әлеуетін ашуға жол ашады.
2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялап, ел дамуының негізгі басымдықтарын белгіледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде инфрақұрылымды дамытуға, автомобиль жолдарының сапасын арттыруға және кәсіпкерлікті қолдауға ерекше назар аударды.
Туризм саласы үшін бұл бағыттардың маңызы өте зор. Сапалы жолдар мен дамыған көлік инфрақұрылымы туристік нысандардың қолжетімділігін арттырып, ішкі туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар Президент 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді талқылауды ұсынды. Тұрақты бизнес ортасы туристік қызметтер сапасын жақсартуда және кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруда шешуші рөл атқарады. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс Қазақстан өңірлерінің, соның ішінде Қарағанды облысының туристік әлеуетін толық ашуға ықпал етеді.



