Туризм біріктіреді: идеялар, ынтымақтастық және жаңа мүмкіндіктер

Қарағандыда туризм саласы өкілдері мен белсенді энтузиастардың бейресми кездесуі өтті. Қатысушылар бірыңғай сапалы туристік өнім құру, тәжірибе алмасу және спорттық, ат туризмінен бастап қолөнер мен цифрлық шешімдерге дейінгі мүмкіндіктерді біріктіруді талқылады.
Бүгін Қарағанды қаласында туризмді дамытуға ниетті сала өкілдері мен белсенді энтузиастардың бейресми кездесуі өтті. Жиынға қатысушылар өз қызметтерін таныстырып, идеяларымен бөлісті және әртүрлі бағыттардың мүмкіндіктерін бірыңғай сапалы туристік өнімге қалай біріктіруге болатынын талқылады. Кездесудің басты мақсаты - өңірдің әлеуетін ашатын және оны саяхатшылар үшін одан әрі тартымды ететін идеялардан нақты жобаларға көшу болды.
Ашық диалогқа белсенді, спорттық, ат және фэшн-туризм өкілдері, қолөнершілер, туризмді цифрлық шешімдер арқылы дамытуға мүдделі IT-мамандар мен саланың басқа да сарапшылары қатысты.
Жаңа таныстықтар, тәжірибе алмасу, ортақ мүдделерді табу және ынтымақтастыққа дайындық кездесудің маңызды нәтижесіне айналды. Себебі әртүрлі саладағы білім мен қызығушылықтар тоғысқан жерде серпінді идеялар, жаңа коллаборациялар мен сұранысқа ие туристік өнімдер дүниеге келеді. Қатысушылардың ортақ мақсаты - күш-жігерді біріктіріп, идеяларды Қарағанды облысының туристік болашағы үшін нақты жобаларға айналдыру.






