Visit Karaganda мен 2ГИС туристік картографияны дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Қарағанды қаласында Visit Karaganda туристік ақпараттық орталығы мен 2ГИС компаниясы өкілдерінің танысу кездесуі өтті. Тараптар Қарағанды облысының туристік нысандары туралы ақпаратты өзектендіру және оның саяхатшылар үшін қолжетімділігін арттыру бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Қарағанды қаласында Visit Karaganda туристік ақпараттық орталығы мен 2ГИС компаниясы өкілдерінің Қарағанды облысында туристік картографияны дамыту саласындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелеріне арналған танысу кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Қарқаралы, Балқаш және өңірдің басқа да туристік бағыттарындағы нысандар туралы ақпаратты өзектендіру болды. Бұл бағыттағы өзара іс-қимыл саяхатшылар үшін маңызды орналастыру орындары, көрікті жерлер, демалыс аймақтары және басқа да туристік нысандар туралы мәліметтердің толықтығы мен нақтылығына қосымша назар аударуға мүмкіндік береді.
Бұл бағыт жазғы туристік маусымда ерекше өзектілікке ие. Осы кезеңде өңір бойынша саяхаттауға, соның ішінде Балқаш көлінің жағалауына және Қарқаралы ауданының табиғи көрікті жерлеріне баруға қызығушылық артады.
Кездесу барысында ұсынылған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта 2ГИС қосымшасында Қарағанды облысының картасын 1 419 000 пайдаланушы жүктеген. Шілде–тамыз айларында белсенділік көрсеткіші 1,6 миллион жүктеуге жетеді. Бұл деректер туристік ақпаратты тарату және саяхаттарды жоспарлау кезінде цифрлық картографиялық сервистердің маңызын көрсетеді.
Visit Karaganda мен 2ГИС арасындағы ынтымақтастық өңірдің туристік инфрақұрылымы туралы өзекті ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, қызықты орындарды іздеуді жеңілдетуге және Қарағанды облысының туристік әлеуетін дамытуға ықпал ететін мүмкіндік ретінде қарастырылады.





