Туризмді бірге дамытамыз: Қарағандыда саланың кәсіби мамандары мен энтузиастары марапатталды

Жаз маусымында Қарағанды облысына 400 мыңнан астам турист келді. Дүниежүзілік туризм күніне орай өңірдің туристік әлеуетін дамытуға үлес қосқан гидтер, туроператорлар, маршрут ұйымдастырушылары мен демалыс базаларының иелері марапатталды.
Жаз мезгілінде Қарағанды облысына 400 мыңнан астам турист келді. Өңірде келу және ішкі туризм қарқынды дамып келеді: бүгінде саяхатшылар үшін 115 маршрут қолжетімді, 17 сертификатталған гид жұмыс істейді.
Дүниежүзілік туризм күніне орай Қарағандыда саланың дамуы мен өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге үлес қосып жүрген өкілдер марапатталды. Оларға ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Марапатталғандардың қатарында спорттық және экологиялық маршруттарды ұйымдастырушылар, туристік клуб өкілдері, туроператорлар, гидтер, демалыс базаларының иелері, сондай-ақ сауықтыру және ат туризм саласындағы жобалардың қатысушылары бар.





