29 тамызда Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған ауқымды концерт өтті
Қарағанды — үлкен оқиғалар мен жаңа саяхаттардың мекені!
Мыңдаған көрермен қатысқан бұл мәдени шара Қарағанды өңірі үшін маңызды оқиғаға айналды.
Іс-шара барысында Visit Karaganda туристік ақпараттық орталығы жұмыс істеп, қонақтарға қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде өңірдің туристік мүмкіндіктері мен көрікті жерлері туралы ақпарат ұсынды.
Шетелдік қонақтар Қарағанды өңірінің туристік бағыттарымен танысып, саяхаттарын өңірдің басқа да танымал орындарында жалғастыруға шақырылды.
Сонымен қатар Қарағандының брендтік өнімдері, жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдары және Абай тігін фабрикасының өнімдері — киімдер, кепкалар, шоперлер және басқа да бұйымдар ұсынылды. Қонақтар жергілікті брендтермен танысып, Қарағандыдан естелік ретінде кәдесыйлар сатып ала алды.
Үлкен оқиға — жаңа әсерлер мен жаңа саяхаттарға бастар жол!
Ерекше алғысымызды іс-шара барысында белсенділік танытып, қонақтарға қолдау көрсеткен еріктілерімізге білдіреміз. Олардың еңбегі мен жауапкершілігі Қарағандының қонақжайлығын жоғары деңгейде көрсетуге үлкен үлес қосты.
Бұл жазбаларды да қарауды ұсынамыз