#karaganda

Оазис турбазасы

Оазис турбазасы

​«Оазис» туристік базасы Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан 2 шақырым жерде, Барковское деп аталатын ауданда орналасқан. Жағажайы құмды-тасты, тастар өте аз. Біздің демалыс орындарымыздың басты артықшылығы — мұндағы тұрмыстық жағдайдың қалалық деңгейде болуында. Шүмектен таза ауыз су ағады, кабельдік теледидар, вайфай желісі қолжетімді, арзан қалалық такси шақыруға болады, сондай-ақ жақын маңда супермаркеттер, дәріханалар және көптеген мейрамханалар мен дәмханалар орналасқан. Жағажайлардың барлығы су сырғанақтарымен, катерлермен, су мотоциклдерімен және басқа да қызықты ойын-сауық түрлерімен жабдықталған. «Оазис» турбазасы қонақтарға 4, 6, 7 және 10 орындық бөлмелерді ұсынады. 2-3 қабаттарда Балқаш көлінің көрінісіне таңдай қақтыратын ғажайып панорамасы бар сәнді бөлмелер де қарастырылған. Базарға, супермаркетке, дәріханаға және қаланың басқа да көрікті жерлеріне көлікпен 7 минутта жетуге болады. Біздің демалыс орнына дейін және кері қарай кез келген бағыттағы такси құны 600 теңгені құрайды. Үй жануарларымен келуге тыйым салынады.

Толық сипаттама жақында пайда болады.

Бұл орындарды да қарауды ұсынамыз

Памятка туриста
Путеводительді жүктеу