«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының «Сапа белгісі» бағдарламасы аясында бүгін «Senator» қонақүй кешенінде көшпелі аудит өткізілді.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының «Сапа белгісі» бағдарламасы аясында бүгін «Senator» қонақүй кешенінде көшпелі аудит өткізілді.
Аудитке Қарағанды облысының туризм басқармасы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Visit Karaganda туристік ақпараттық орталығы және Жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының өкілдері қатысты.
Айта кету керек, «Senator» қонақүй кешені бұған дейін де «Сапа белгісі» иегері атанған. Сертификаттың қолданылу мерзімі үш жыл болғандықтан, нысан қызмет көрсету сапасы мен қонақжайлылықтың жоғары стандарттарына сәйкестігін қайта растау рәсімінен өтуде.
«Сапа белгісі» бағдарламасы туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға және Қазақстанның туристік нысандарында жоғары стандарттарды қалыптастыруға бағытталған.
Бұл жазбаларды да қарауды ұсынамыз