#karaganda

10 маусым күні Балқаш қаласында HoReCa саласы өкілдеріне арналған сервис сапасы мен қонақжайлылық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары өтті.

10 маусым күні Балқаш қаласында HoReCa саласы өкілдеріне арналған сервис сапасы мен қонақжайлылық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары өтті.
Жаңалықтарға оралу

Дайджест / Оқиғалар

2026 ж. 10 маусым

10 маусым күні Балқаш қаласында HoReCa саласы өкілдеріне арналған сервис сапасы мен қонақжайлылық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары өтті. Семинар спикерлері – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің бас менеджері Даурен Ақбота және қазіргі таңда Wyndham Garden Astana мен Ramada by Wyndham Astana қонақ үйлерінің кластерлік бас менеджері қызметін атқаратын, халықаралық тәжірибесі мол Айдар Қойшыбаев өздерінің практикалық тәжірибесімен және кәсіби білімдерімен бөлісті. Іс-шара туристік маусым қызған кезеңде кәсіпкерлерді жұмысынан қол үздірмей, оқыту мүмкіндігін жасау мақсатында арнайы Балқаш қаласында ұйымдастырылды. Семинарға қонақ үйлер, демалыс орындары, қонақ үйлер, кафе және қоғамдық тамақтану орындарының басшылары мен қызметкерлерінен 100-ге жуық адам қатысты. Кездесу барысында қызмет көрсету сапасын арттыру, қонақжайлылық стандарттары, клиентпен жұмыс істеу мәдениеті талқыланып, нақты тәжірибелік кейстер мен жағдаяттық мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.

Памятка туриста
Путеводительді жүктеу