#karaganda

Қарқаралыда туристік сала мамандарына арналған «Қонақжайлылық негіздері» оқыту семинары өтті.

Қарқаралыда туристік сала мамандарына арналған «Қонақжайлылық негіздері» оқыту семинары өтті.
Жаңалықтарға оралу

Дайджест / Оқиғалар

2026 ж. 9 маусым

Қарқаралыда туристік сала мамандарына арналған «Қонақжайлылық негіздері» оқыту семинары өтті. Іс-шара туристік маусымның басталу кезеңінде жергілікті кәсіпкерлерді жұмыстарынан алшақтатпау мақсатында арнайы Қарқаралы қаласында ұйымдастырылды. Семинарға қонақ үйлердің, демалыс орындарының және қоғамдық тамақтану орындарының басшылары мен қызметкерлерін қоса алғанда 40 адам қатысты. Семинар спикерлері — Айдар Қойшыбаев, Wyndham Garden Astana & Ramada by Wyndham Astana қонақүйлерінің кластерлік бас менеджері, Hotel Institute Montreux (Швейцария) түлегі, сондай-ақ Ақбота Дәурен, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Туристік өнімдерді дамыту департаментінің бас менеджері. Сарапшылар қонақүй бизнесіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық сервис стандарттары, қонақжайлылық мәдениеті және қонақтармен тиімді жұмыс істеу тәсілдері туралы баяндады. Семинар барысында қатысушылар нақты жағдайларды талдап, практикалық кейстердің шешу жолдарын қарастырды. Қатысушылар HoReCa саласындағы заманауи қызмет көрсету стандарттарымен танысып, сервис сапасын арттыруға және қонақжайлылық мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа білім мен тәжірибелік ұсыныстар алды. Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинар өңірдегі туризм индустриясында қызмет көрсету сапасын арттыруға және мамандардың кәсіби біліктілігін дамытуға өз үлесін қосты.

Памятка туриста
Путеводительді жүктеу