Scat Airlines Шымкенттен Қарағандыға ұшатын болады

26 мамырдан бастап SCAT Airlines әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Қарағанды қаласына тұрақты рейстерді іске қосады.✈️ Қарағанды – тек көпке белгілі қала ғана емес, ерекше атмосфарысы бар, монументалды сәулеті және таңғажайып жасыл саябақтарымен ерекшеленетін, тарихы әрбір бұрышынан сезілетін ерекше мекен. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты небәрі 2 сағатты құрайды, бұл ұзақ жолдан бас тартып, жайлы сапарды таңдауға мүмкіндік береді. Іссапар, туыстарға бару немесе Қазақстанның индустриалды орталығын көру жоспары бар жолаушылар үшін бұл бағыт тиімді шешім болмақ. Билеттерді SCAT Airlines ресми сайтында броньдауға болады.

Бұл жазбаларды да қарауды ұсынамыз

ТІЛ ЖӘНЕ ТУРИЗМ: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТІЛ САЯСАТЫН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР МЕН ЖОБАЛАР
Жаңалықты оқу

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған залдары мектеп оқушылары мен студенттер үшін оқу алаңына айналды
Жаңалықты оқу

Туризм саласын цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
Жаңалықты оқу
