KARAGANDA RUN 2025
Қарағандыда 14 желтоқсанда ауқымды спорттық шара – KARAGANDA RUN 2025 жүгірісі өтті. Бағдарламада кез келген дайындық деңгейіне арналған қашықтықтар болды: 1,5 км, 2,5 км, 5 км, сондай-ақ 1,5 км скандинавиялық жүріс. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді. 5 км қашықтықта бес жас санаты бойынша жарыс өтті: 18–29 жас, 30–39 жас, 40–49 жас, 50–59 жас және 60+. 9–14 жас аралығындағы жас жүгірушілерге 1,5 км қашықтық ұсынылды.




