#karaganda

«ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

«ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ
Жаңалықтарға оралу

Дайджест / Оқиғалар

2025 ж. 18 сәуір

Қарағанды облысы Алматыдағы KITF Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты. Экспозиция Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң және еліміздің туристік саласының басты оқиғасы болып табылады. Мұнда әлемнің 30 елінен мыңнан астам туристік компаниялар ұсынылған. Біздің өңірден кәсіпкерлік басқармасы, Қарқаралы ұлттық паркі, "R-TOUR" туристік агенттігі, "Балқаш" емдеу-сауықтыру кешені, "Nomads Club" ЖШС Ішкі Туризм Туристік агенттігі, "Орман" қонақ үйі, "Visit Qaraganda" Туристік ақпараттық орталығы қатысты. Алаңда Қарағанды өңірінің бай мәдени және табиғи мұрасы таныстырылып, келушілердің назарын демалу үшін бірегей мүмкіндіктер мен түрлі бағыттарға аударды. Қарқаралы саябағы мен Балқаш көлінің жағалауы қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың демалуы үшін танымал орындар болып табылады. Осы бағыттардың инфрақұрылымын дамыту бойынша Жол карталары әзірленді. KITF бұл: меморандумдар мен келісімдерге, елдер арасындағы өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламаларына қол қою үшін бірегей мүмкіндік. Көрме аясында пленарлық отырыстар, роуд-шоулар, семинарлар, презентациялар және басқа да салалық іс-шаралар өтеді. Мұның бәрі Қазақстан мен Орталық Азия Туризм индустриясы нарығы үшін көрменің тиімділігін көрсетеді. Қарағанды облысының көрмеге қатысуы өңірдің туристік индустриясын ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуде және осы салада жаңа байланыстар мен серіктестіктер орнатуда шешуші сәт болды. KITF Қазақстандық халықаралық көрмесінің екінші күні де қарқынды өтті. Қарағанды облысына көрмеге келушілер де, іскер серіктестер де қызығушылық танытты. Бейсенбідегі басты оқиғалардың бірі одан әрі ынтымақтастық үшін басқа салалармен меморандумға қол қою болды. Көрмеде тұрақты туризмге, цифрлық технологияларға, Қазақстанның ішкі және сыртқы туризмін дамытуға ерекше назар аударылды.

«ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ - фото 1
«ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ - фото 2